Жоспар.
Кіріспе................................................................................................ 2 бет

І бөлім: Терроризм – бүгінгі таңдағы өзекті проблема

1.1. Терроризм тарихы....................................................................... 5 бет
1.2. Қазіргі терроризмнің түсінігі мен түрлері............................... 10 бет
1.3. Терроризм қалыптасуының негізгі себептері.......................... 24 бет

ІІ бөлім: Терроризммен күрес және оның жолдары

2.1. Терроризмнің Орта Азиялық аймақта және Қазақстанда көрініс табуы.................................................................................................. 30 бет
2.2. Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы терроризмге қарсы күрес................................................................................................... 41 бет

Қорытынды..................................................................................... 51 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................... 54 бет






Кіріспе
Терроризм бұл – жек көрушілік.
Адамның адамды,
Адамның адамзатты жек көрушілігі.
М.Болтунов.
Әлемдік қауымдастықтың жаңа жауы пайда болды. Ол күшті де қауіпті, қатыгез де зұлым. Ол – лаңкестік. Оны жеңбейінше ешкім де қай жерде болмасын өзін толық қауіпсіздікте екенін сезіне алмайды. Қазірдің өзінде лаңкестікті «ХХІ ғасыр обасы» деп атауға болады, өйткені ол өзінің күйретуші күші жағынан осы аурумен теңдес. Статистика бойынша екі күннің бірінде лаңкестік әрекет жасалып, оның нәтижесінде кінәсіз адамдар қаза болуда. Жыл сайын лаңкестік әрекеттер саны өсуде. Қатыгездік өсіп, құрбандар саны көбейіп жатыр. Лаңкестердің дайындығы мен ұйымшылдығы жақсаруда. Келесі лаңкестік әрекет өткен әрекеттен әрдайым үрейлі.
Таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі біздің өміріміздің осындай шындығымен анықталған. Лаңкестік өз көрінісінің қандай да болсын түрінде масштабтары, болжауға келмейтіндігі және салдары жағынан адамзат ХХІ ғасырға бірге аттанған қауіпті қоғамдық-саяси және өнегелік проблемаларды біріне айналды.
Бұрындары лаңкестік ұйымдар белгілі бір мемлекеттермен (мемлекет ішінде партиялармен) қаржыландырылып, олардың мүдделерін қорғайтын болса, қазіргі заманда ол лаңкестік ұйымдар мемлекеттердің ішкі және сыртқы  саясаттағы беделіне күмән келтіріп, өздері әрекет жасайды. Ол көптеген жағдайларға байланысты болды,  олардың ішінде негізгі үш себеп: қандай да болсын лаңкестік әрекет туралы қоғамға жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы; өзінің ұйымдастырушылық құрылымы жағынан лаңкестік ұйымдармен ұқсас халықаралық қылмыстың күшеюі; қарудың жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік берген ғылым мен техниканың дамуы.
Қазіргі лаңкестік көрінісінің масштабы мен қатыгездігі, құқықтық әдістемелер арқылы онымен үздіксіз күресу қажеттілігі таңдалған тақырыптың көкейкестілігін дәлелдейді.
Лаңкестік қазіргі заманғы ең қауіпті де қиын болжалды құбылыстар қатарына жатады. Ол түрлі формалар мен қауіпті масштабтарға дейін өсіп келе жатыр. Лаңкестік әрекеттер көптеген адамдардың қазасына, қалпына келтіре алмайтын материалды және рухани құндылықтардың қиратылуына әкеліп, мемлекеттер арасына от салып, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында соғысты, сенбеушілік пен жек көрушілікті өршітеді.
Лаңкестік ұлттық шеңберден шығып халықаралық сипатқа ие болып отыр. Ол бір-бірінен өмірді түсіну және сезінумен, өзіндік адамгершілік нормаларымен, өзіндік мәдениетімен ерекшеленетін түрлі әлемдердің мәңгілік және келіссіз дауының тиімді қорқыту және қырып-жою қаруына айналды.
Лаңкестік - зорлаушылық қылмыстың бір бұтағы. Оның деңгейі мен көрінісінің нақты формалары, бір жағынан қоғамдық құлықтылық көрінісі болса, екінші жағынан – аса өткір мәселелерді шешудегі қоғам мен мемлекеттің күш салу тиімділігінің көрсеткіші болып көрінеді. Бұл қылмыс кедей болсын, бай болсын, лаңкестікті тудырған жанжалға қатыссыз әр адам құрбан бола алатын қылмыстық зорлаудың түріне жатады.
Жыл сайын лаңкестік әрекеттер жақсы ұйымдастырылған және өте қатыгез болып келеді. Лаңкестер ең соңғы техника мен қару, байланыс құралдарын қолданады. Өз мақсаттарына жету үшін террор әдісін қолданған саяси және ұлтшыл радикалдар әлемнің түрлі аймақтарында қару-жарақ және жарылғыш заттар қоймаларын, қамсыздандыру құрылымдарын, қаржы мекемелерін ұйымдастырды. Лаңкестік ұйымдардың тасасы ретінде фирмалар, компаниялар, банктер және қорлардың жүйесі жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да, бұл өте қауіпті құбылыспен күресу үшін бүкіл мемлекеттердің күшін жоғары деңгейде топтастырып, халықаралық ұйымдардың жүйесін құру қажет. Лаңкестікпен күрестегі тиімді іс-әрекеттер жүзеге асуы үшін оның бірыңғай халықаралық-құқықтық түсінігін және осы қылмыс түрінің нақты құқықтық сипаттамасын қабылдау қажет.
Лаңкестікке қарсы тұру бүкіл өркениетті елдермен негізгі жалпы мемлекеттік міндеттердің бірі ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл бағыттағы маңызды іс-әрекеттер: құқықтық базаның жетілдірілуі, арнайы қызмет органдары арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, лаңкестікті қолдайтын елдерге максималды қысым жасау, лаңкестік мәселесімен айналысатын арнайы қызмет органдары қызметкерлерінің санын арттыру және оларды техникамен қамтамасыз ету.
Бұл мәселемен айналысып жүрген авторлар көп. Солардың ішінде Антонян Ю.М. «Терроризм. Криминологическое и уголовно-правовое исследование», Кожушко Е.П. «Современный терроризм: Анализ основных направлений», Витюк В.В. «Социальная сущность и идейно-политические концепции современного левого терроризма» еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады.
Мәселенің туындау төркініне көз салып, оның Қазақстан үшін де күрделі мәселеге айналуына аса назар аударып жүрген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Бұл диплом жұмысымда мен, мүмкіндігімше лаңкестіктің әлемдегі қазіргі жағдайын, бұл зұлымды тудыратын себептер мен жағдайларды, осы қылмыспен күресудегі негізгі бағыттарды қарастырдым.