К І Р І С П Е 1

1. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУДЕ ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 4

1.1 Сот-медициналық сараптамасы 4

1.1.1 Тірі адамдарға сот-медициналық сараптама тағайындау 6

1.1.2 Мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындау 16

1.1.3 Заттай дәлелдемелерге сот-медицина сараптамасын тағайындау. 21

1.1.4.  Медицина қызметкерлерінің кәсіптік құқық бұзушылықтары үшін сот-медицина сараптамасын тағайындау. 26

1.2 Сот-психиатриялық сараптама 28

1.3  Сот-психологиялық сараптама. 32

2. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША САРАПТАМАНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ 35

2.1 Генотипоскопиялық зерттеулер жүргізудің маңызы 35

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 49

1. ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР 52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖАЛПЫ ЖәНЕ АРНАЙЫ әДЕБИЕТТЕР 53

 

 

К І Р І С П Е

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Ғылыми техникалық революция дәурінде қылмыстарды тергеу, соның ішінде жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстарды тергеу мен ашуда ғылыми және техникалық білімдерді пайдаланудың мүмкіндіктері елеулі кеңеюде. Осындай істерді тергеу кезінде қылмыстық сот өндірісінде арнайы білімдерді пайдаланудың тиімді және кеңінен тараған түрі болып сот сараптамасы саналады. Қылмыстық сот өндірісі құқықтық білімдерден бөлек, өзге де соның ішінде қылмысты тергеу мен ашуда мүмкіндіктері көп ғылым, техника, өнер тәжірибелік қызмет салаларының білімдерінің, яғни нақты айтқанда арнаулы білімді талап етеді.

Арнаулы білім дегеніміз - адамның кәсіби оқуының немесе белгілі бір мамандық нәтижесінде сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланатын, сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім.

Сараптаманың мәні тергеушінің тапсырмасы бойынша білікті тұлға, сарапшының қарамағына берілген қылмыстық іс материалдарындағы маңызы бар нақты мәліметтерді анықтау жолымен зерттеу жүргізуде жатыр. Осы зерттеудің нәтижесі арқылы сарапшы қорытынды жасайды, ал ол өз алдына заңда көрсетілген дәлелдемелердің бірі болады.

Сот сараптамасының мақсаты іс бойынша жаңа дәлелдемелік фактілерді немесе істе бар ғылыми негізделген фактілерді алу болып табылады.

Сот сараптамасы дәлелдемелердің ең тиімді құралы болып саналады. Оның көмегімен іс бойынша шындықты көрсетуде ерекше маңызы бар, соның ішінде жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстарға байланысты жағдайларды анықтайтын мәселелер аз емес.

Е.Р. Россинскаяның ойынша сот сараптамасы шешетін негізгі мәселелердің арасынан идентификациялауға жіберілген объектілерді бөлек шығаруға болады, криминалистикада мұндай объектілерді оның кескіндері арқылы теңдестіру деп атайды.

Осы жерде, зерттеу тақырыбының объектілері ретінде материалдарды, бұйымдарды, нәрселерді, заттарды, өсімдіктерді, жануарларды және адамдарды айтуға болады.

Бұл зерттеу объектілері бойынша тағайындалатын сараптамалардың саны көп. Дегенмен де, мұндай сараптамалардың бәрін зерттеп, қарайтын болсақ, дипломдық жұмыстың көлемі ұлғайып кететіндігін ескеріп, зерттейтін сараптамалардың түрлерін шектеулі түрде алғанды жөн көрдік. Мысалыға, криминалистік, техникалық тағы да басқа сараптамалардың оқулықтардағы дәстурлілігін, олардың заң әдебиеттерінде толық зерттелгенін, оқу құралдарында көп кездесетіндігін есепке ала отырып жұмыста бұл сараптамаларға көңіл бөлмейміз.

Осы тұрғыдан алғанда дипломдық жұмыстың мақсаты екі негізгі аспектіде болады:

1. Жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңдерінде тағайындалатын сараптамалардың ерекшеліктерін зерттеу. Мысалға, адамның өміріне, денсаулығына және ар-намысына байланысты қылмыстық істер бойынша, айталық, өлімнің себебін, дене жарақатының сипатын, оның ауырлық дәрежесін анықтау үшін тағайындалатын сот-медициналық сараптаманың рөлі өте зор. Сондықтан да, сот-медицина сараптамасының нәтижесінде көптеген маңызды сұрақтар шешіліп, қылмыстарды тергеудің алға қарай аяқ басуына көмектесетіндігін ескеріп, оның жекелеген түрлеріне тоқталып, зерттеу. Сонымен қатар, іске қатысы бар адамдардың есі дұрыстық және психологиялық жағдайын анықтау үшін  тағайындалатын психиатриялық және психологиялық сараптамалардың ерекшелігіне тоқталып өту.

2. Қылмыстық іс үшін маңызы бар диагностикалық, белгілі бір   топқа жатқызу және идентификациялау мәселелерін шешу мақсатымен, жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстарды және одан қалған іздерді зерттеу. Осы зертеуде ғылым жетістіктерін және озық тәжірибелерді, соның ішінде жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстар бойынша тағайындалатын сараптамалардың ішіндегі қазіргі таңда артықшылығы және келешегі мол деп саналатын ДНК молекуласын зерттеуге негізделген жеке тұлғаны идентификациялаудың генотипоскопиялық әдісін және жоғарыда аталған басқа да зерттеулер нәтижесін жеке адамға қарсы қылмыстық істерді тергеуде және ашуда пайдалану мәселелерін қарастыру.

Бұл әдісті қарастырудың дипломдық жұмыстың басты мақсаты болуының себебі, осы әдістің қылмыстарды әшкерелеуде, соның ішінде жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстардан қалған  іздерді зерттеуден өткізуде дәлеледемелік маңызының зор болатындығы және мемлекеттік тілдегі арнайы әдебиеттерде аз кездесетіндігі болып отыр. Сондықтан да дипломдық жұмыста осы мәселенің төңірегінде толығырақ тоқталатын боламыз.

Дипломдық жұмысты жазуда бұл әдістің мүмкіншіліктерін көрсететін, Қазақстандық ғалымдардың ішінен  Гинзбург А.Г,  Поврезнюк Г.И,  Салаев Б.А және  Әлмағанбетов П.Ә, Г.В Кириенконың зерттеулерін, сондай-ақ Ресей зерттеушілері  Перепечина И.О, Пименов М.Г және Т.В. Стегневаның бұл әдіс бойынша жазған арнайы әдістемелік-нұсқаулық еңбектерін басшылыққа аламыз.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімнен және қортындыдан тұрады.