Тақырыбы: «Сот сараптамасы туралы криминалис-тикалық ілімнің рөлі мен маңызы»

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ..................................................................................................................... 4

 

 

1. САРАПТАМАЛЫҚ ІЛІМДЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ………………….…………………........………....................……………6

 

2. СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН САРАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ӨТУІ ................................................14

2.1 . Сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері, сараптамалық  

       міндеттердің деңгейлері..........................................................................................14

2.2 . Тағайындалған сараптама материалдарының өтуі..............................................26

2.3 . Сараптама нәтижелерін бағалау............................................................................36

2.4. Суық қарудың криминалистикалық  сараптамасының түсінігі 

       мен белгілері ..................................................................................................... 38                                                                 

2.5. Суық қаруды тексеру нәтижелері мен тергеу міндеттері ..............................48

 

 

3. СОТ САРАПТАМАСЫН  ЖҮРГІЗУДЕ КОМПЬЮТЕР 

     ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ..................................................................51

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................................56

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ....................................................59

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жұмыстың өзектілігі. Біздің қоғамымызда қылмыспен күресу –мемлекетіміздің ең алғашқы міндеттерінің бірі. Қоғамның жалпы ілгері даму мемлекеттегі барлық процесстердің дамуына әкеледі, сәйкесінше мемлекет қылмыспен күресу тетіктерінде дамытуы керек. Бүгінгі күні қылмыстық іс жүргізуде және жалпы қылмыстарды тергеу мен сотта қылмыстық істерді қарауда жалпыға белгілі емес арнайы білімдерді қолдану саласының даму тенденциясы объективті заңдылық болып отыр. Бұған дәлел 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады, онда Қазақ КСР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қарағанда арнайы білімдерді қолдану қызметі кеңірек құқықтық регламенттеледі. Арнайы білімдерді қолданудың бірден-бір және ең кең тараған нысаны сот сараптамасы болып табылады, ол қылмыстарды тергеу кезінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді [1].

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот сараптамасының процессуалдық және дәлелдемелік проблемалары осы саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де орын алып отыр. Бұл олардың шешілуі мен жойылуының баяу жүруіне байланысты болып табылады.

Арнайы білімдерді құқық қорғау қызметінде қолдануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеудің жекелеген аспектілері бірқатар заң актілерінде, айта кетсек Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы", "Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы", "Жедел іздестіру қызметі туралы" заңдарында бекітілген. Арнайы білімдерді қолдануды құқықтық реттеудің механизмін дамытуға едәуір көмегін тигізген 12 желтоқсан 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының "Сот сараптамасы туралы" Заңы болып табылады.

Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық істерді тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл айтылғанға дәлел ретінде қылмыстық істерді тергеу мен сот отырысында сараптаманың көпшілігі формальді түрде тағайындалатынынан, қылмыстық іс жүргізуде сот сараптамасының мүмкіншіліктерін бағалай алмауын айтуға болады. Сонымен қатар, көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген және сотта қарау кезінде процессуалдық ережелердің бұзылуына байланысты дәлелдемелік маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін сақтамауын айтуға болады. Сараптаманы тағайындаумен және жүргізумен байланысты қызметтің төмен әдістемелік деңгейі туралы орындалусыз қайтарылып жатқан іс материалдарының көптігінен, сарапшының қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы арыздарынан көруге болады.

Сонымен қатар, қазіргі кезде әрекет ететін Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің кейбір нормаларының жетілмеуінен де сот сараптамасының процессуалдық мәселелері өзекті болып отыр. Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау саласында, сонымен қатар арнайы білімдерді қылмыстық істерді тергеуде және сот өндірісінде толығымен пайдалануда қылмыстық істі жүргізуші орган қызметкерлерімен заңды түрде дұрыс орындау ерекше маңызға ие және өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы жұмыс аталған кемшіліктерді қандай да бір көлемде азайтуға арналған.

Дегенмен, сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық жағдайы мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп бейімделу науқанында деп айтуға болады.

Дипломдық жұмысы келесі мақсаттарды алдына қояды:

- сараптамалық ілімдер мен мекемелердің қалыптасу тарихын қарастыру;

- сот сараптамасының мәнін, сараптама объектілерін, сараптамалық міндеттердің деңгейлерін ашып көрсету; 

- тағайындалған сараптама материалдарының өтуіне, тергеу практикасында арнайы   білімдерді   қолдануды жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру;

- сот сараптамасына қажетті материалдарды дайындауда арнайы білімдерді қолданудың ерекшелігін ашу;

- сот сараптамасын жүргізу   кезіндегі   арнайы   білімдерді   қолданудың ерешеліктерін көрсету.

Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, үш тараушадан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде сараптамалық ілімдер мен мекемелердің қалыптасу тарихын қарастырылған, атап айтсақ жалпы арнайы білімдердің заңи және ғылыми түсінігі олардың қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарын шешудегі орны, сараптама мекемелерінің қалыптасуы туралы сөз болады. 

Екінші бөлімде сот сараптамасының мәні, сараптама объектілері, сараптамалық міндеттердің деңгейлері ашып көрсетілген, осы бөлімде сот сараптамасының процесуалдық түсінігі ашылады, сот сараптамсының жалпы қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдерді қолданудың бір нысаны ретіндегі маңыздылығы туралы сөз болады.

Үшінші бөлімде сот сараптамасын жүргізуде компьютер технологияларын қолдануды жетілдірудің мәселелері  беріледі.

Диплом жұмысын жазу барысында әртүрлі заңнамалар, нормативтік -құқықтық актілер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзімдік басылымдар және басқа да еңбектер қолданылды.

1.  САРАПТАМАЛЫҚ ІЛІМДЕР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ  

     ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

 

Қылмыстылықпен күресудің тиімді жолы, ғылым мен техниканы қолданудың ажырамас бөлігі, тәжірибеде жаңа ғылыми-техникалық әдістер мен құралдарды, арнайы танымды қолдану қылмысты ашу мен тергеуді сапалы жүргізуге көмектеседі. Тергеуші қызметінің нәтижелілігі көп ретте арнайы танымды қолданумен байланысты, сондықтан тергеуші өзі және маман мен сарапшылардың арнайы танымын қылмысты тергеу барысында пайдаланған. Кейін арнайы танымды қылмысты ашу мен тергеу кезінде қолданған. Ежелгі Римде жалған құжаттарды жасау кең түрде тараған, сондықтан жазбаны анықтайтын арнайы мамандар да болған. Олар сотта сарапшы ретінде қатыса алған. XVII ғ. Демиля және Ревено сынды ғалымдардың құжаттардың сараптамасына қатысты әдебиеттері жарық көрді. Арнайы танымды қолдану Ресейде XVII ғасырға жатқызылады. Сол кездің өзінде сот медициналық және сот химиялық сарапта құжаттары орын алған. Алғаш бізге жеткен медициналық сараптаманы 1535 жылға жатқызуға болады. XVII ғасырдан бастап, жеке тұлғаны куәландырудың және дене жарақатын анықтау үшін мәйіттерге қарау жүргізудің болғандығы кездеседі. Сондай ақ, XVII ғасырда дәрігерлер, арнайы таным арқылы адамның ішкі жан дүниесін анықтай алған [2].