ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ...................................................................................2

 

I. СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕН МҮЛІКТІ ИЕЛЕНІП АЛУ НЕМЕСЕ ЫСЫРАП ЕТУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1Бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-таражға салу - меншікке қарсы қылмыстардың бір түрі.........................................................7

1.2 Талан -таражға салудың түрлері және нысандары. .............14

1.3 Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан-таражға салу..................................................................................20

 

 

 

II. СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕН МҮЛІКТІ ИЕЛЕНІП АЛУ НЕМЕСЕ ЫСЫРАП ЕТУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУЫ

2.1.Обьективтік белгілер...................................................................................24

2.2.Субьективтік белгілер..........................................................35

2.3. Иеленіп алу және ысырап етудің кейбір сараланған белгілерінің талдауы...................................................................................40

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................54

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................56

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыбтыңөзектілігі.

2007жылдакабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайтын, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін, кұкықтары мен бостандықтарын танитын Қазақстан 2003 жылдың 16 желтоқсанында өз тәуелсіздігінің он екінші жылдығын атап өтті.

Тарихи аз ғана кезеңде республикамыз мемлекеттік, әлеуметтік және экономикалық құрылыста бірқатар жетістіктерге ие болды.

Дегенмен, бірнеше онжылдықтар бойы қалыптасып кеткен "социалистік" қоғамдық қатынастардың "нарықтық қатынастар" болып өзгеруі, шынайы тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің тәжірибеде жүзеге асырылуы жас мемлекет үшін оңай міндет емес екенін көрсетті және түбегейлі өзгеріс процесінде пайда болған қиындықтар, шешімін таппай жатқан мәселелер де аз емес.

Ел дамуының бағдарламалық құжаты - "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары мен бағыттары баяндалған.[1]

Қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту кажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде әсіресе қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.

Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді: "Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап ету қажет.

Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп, терісімізді азайтамыз бұл біздің өзімізге, мақсаттары мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруымызға байланысты" .

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қылмыстылықпен күресуді күшейту қажет екенін ескерте отырып, "Заңның шынайы үстемдігін бекіту және заңды құрмет тұтатын азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды, керісінше, билік пен заңның барлық күшін заңды жолмен өмір сүруді қамтамасыз етіп жүрген адамдарға қатысты қолдануымыз керек" - деп талап етті .

Бұл үшін, әрине, біз қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жұмыс жасауымыз қажет.

Өкінішке орай, біздің Республикамызда әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, жағымды әлеуметтік көріністерге кері әсерін тигізетін келеңсіз құбылыстар аз кездесіп жаткан жоқ.

Құқық қорғау жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар осындай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтауға бағытталған.

Көлеңсіз құбылыстардың ең қауіпті жақтарының біріне қылмыстылық жататыны белгілі. Кейбір көрсеткіштердің динамикалық тербелісіне қарамастан,қылмыстылыктың деңгейі әлі де жоғары болып тұр.

Қазақстан Республикасы бойынша 2000-2006 жылдары шамамен алғанда тұрғылықты халықтың 15 миллионына шаққанда қылмыстардың саны мынадай: 173858 (2000 жылы), 200873 (2001 жылы), 206006 (2002 жылы), 201796 (2003 жылы), 183913 (2004 жылы), 183977 (2005 жылы), 162491 (2006 жылы), қылмыс орын алған.

Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанымен ол қылмыстар қоғамға қауіптілік дәрежесінің аса ауырлығымен сипатталатындығын көрсетеді.

Нақтырақ айтсақ, қылмыстылықтың аса ауыр және ұйымдасқан түрлері көбеюде.

Бүгінгі күнде қылмыстылықтың ерекше бір "ұясы" қоғамның экономикалық саласы болып отыр, өйткені нақ осы сала нарық өмірінің ең маңызды құралы болып табылады емес пе.

Сондықтан да, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар арнайы тарау болып орынды бөлінген.

Тағы бір аса ерекше атап өтетін жәйт: кез келген экономикалық қызмет, ең алдымен, елдегі бар материалдық, қаржылық және өзге де қорларға негізделген.

Міне, сондықтан да бұл қиындықтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.

Бұлардың барлығы экономика мен қаржы саласында қорғау, басқару және есепке алу және материалдық құндылықтарды сақтау мәселелерін түп-тамырымен өзгертуді қажет етеді.

Өкінішке орай, елімізде әлі жеке адамның немесе мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу аз емес.

Оның үстіне, сараптама көрсетіп отырғандай, соңғы жылдары талан-тараждан келтірілген материалдық залалдың жалпы саны мен көлемінің өсуі байқалады.

Әсіресе 1999 жылдан бастап тек қана жалпы көлемі жағынан емес бөтен біреудің иелігіндегі мүлікті талан-таражға салудың екі нысанының:

иеленіп алу мен ысырап етудің салыстырмалы салмағы өсуде.

Мысалы, 2006 жылдың өзінде бөтен біреудің мүлігін иеленіп алу және ысырап етушіліктің саны 2005 жылға қарағанда жарты есе, жалпы ұрлық ішіндегі алатын орны 40 пайызға жетті.

Басқа сөзбен айтқанда, бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың бұл түрлері соңғы 6 жылда екі есе өсті.

Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылдың 20 қыркүйегіндегі №949 Жарлығымен мақұлданған "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" былай деп атап көрсетілген: "Экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы заңдылық экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін дайындау саласындағы қатынастарды реттеуге және оның қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызуға бекемделген.[2]

Экономика саласын шынайы түрде ары қарай дамыту қазіргі заң күші бар нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізуді қажет етеді".

Елімізде жаңа Қылмыстық Кодекстің қабылданғанына 6 жыл өтсе де, Республикада бөтеннің мүлікін иеленіп алу және ысырап ету жолымен талан-таражға салу істері бойынша соттық-тергеу және алдын-алу тергеу тәжірибесі жөнінде ғылыми сараптама жасалған жоқ, бұл тақырыпқа сәйкес арнайы зерттеулер де болған жоқ.

Мұндай қылмыстардың құрамы жөнінде де, жауаптылықтың негіздері мен шегі жөнінде де терең зерттеу­лер жасалған жоқ, мұндай әрекеттердің жағдайы, динамикасы және құрамы, негізгі себептері мен мұндай қылмысты жасау жағдайлары, қылмыскердің жеке басының ерекшеліктері және мұндай талан-тараждың түрінің алдын-алу шараларының жүйесі анықталмаған.

Диплом жұмысының объектісіне - экономикалық қызмет саласында пайда болған қоғамдық қатынастар және бөтеннің мүлкіне қол сұғушылық үшін жауаптылыққа тарту негіздері мен жағдайларын реттейтін құқықтық қатынастар жатады.

Зерттеу затына бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салуға себеп болатын деректер, қылмыстық жауаптылықтың жағдайлары және бұл қылмыстардың алдын-алу шаралары жатады.

Жалпы бөтеннің меншігіне қылмыстық қол сұғудың негізгі түсінігі мен қылмыстық - құқықтық мәселелері, меншікті талан-таражға салудың алдын алу, тағы да басқа қырлары бірсыпыра ғалымдардың еңбектерінде белгілі шамада қаралғанды (А.Н.Ағыбаев, А.Айқынбаев, Е.О.Алауов, Н.М.Әбдіров, З.О.Ашитов, Ғ.Ы.Баймурзин, Қ.Ә.Бегалиев, И.Ш.Борчашвили Н.Д.Дулатбеков, С.Е.Еркенов, У.С.Жекебаев, Б.Ж.Жүнісов, АА.Исаев, СА.Исимов,Е.І.Қайыржанов,Ж.Ғ.Қалишева,М.Ч.Қоғамов, К.Ш.Құрманов, В.И.Корзун, Г.С.Мауленов, С.С.Молдабаев, М.С.Нарықбаев, Р.Т.Нұртаев, Б.М.Нұрғалиев, Е.Ә.Оңғарбаев, С М. Рахметов, Г.Р.Рүстемова, Л.Ч.Сыдықова, А.Ш.Шаршеналиев, ӘА.Темербеков, Б.Х.Телеубекова, Қ.Х.Халиков және т.б.)

Алайда, бұл аталған авторлардың ғылыми зерттеулерінде бөтеннің мүлкін еленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-таражға салудың криминологиялық және қылмыстық-құқықтық мәселелері арнайы қарастырылмаған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:Дипломдық жұмыстың басты мақсаты- бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың жалпы криминологиялық және қылмыстық-құқықтық жүйесін, оның ішінде бұл қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын норманын құрамын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылады:

- Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексін колдану кезінде (2003-2006 жылдарда) бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың жағдайларын, құрылымын және өсуін анықтау;

-мұндай қылмыстарды жасауға себепші болған негізгі жағдайлардың шеңберін белгілеу;

-бұл қылмыстан зиян шеккен жәбірленушілердің негізгі сипатын анықтау;

-бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың алдын-алу шараларының (жалпы, арнайы және жеке шаралар) түсінігін, түрлерін және жүйесін анықтау;

-бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-таражға салудың алдын-алатын субъектілердің жүйесін анықтау, мұндай қылмыстармен күрестегі әрқайсысының функцияларын анықтау;



[1]Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 1997, 14 қазан.

 

[2]Объективная сторона присвоения или растраты //Казахстанский журнал международного права «Дэнекер» - Алматы, 2006. - №4 (12). 73-80 б..