Кіріспе.................................................................................................................4-6

І тарау. Мемлекеттің нысаны

1.1. Мемлекет нысаны түсінігі........................................................................7-12

1.2. Мемлекеттік басқару нысаны.................................................................13-22

1.3. Мемлекеттік құрылым нысаны...............................................................22-34

І I тарау. Саяси режим

2. 1. Саяси режим түсінігі.......………..………………………………….35-45

2.2. Саяси режим түрлері....……………..………………………………45-60

III-тарау. Демократиялық мемлекеттегi билiк жүйесi

1. Саяси жүйелер және демократиялық құрылым......................................61

2. Мемлекеттегi өзiн-өзi басқаруы – демократияның бастауы.................

3. Қазақстан - демократиялық мемлекет....................................................

Қорытынды………………………………………………………………….

Әдебиеттер тізімі…………………………………………………………….

Кіріспе

Мемлекет туралы әрқилы түсініктер, оның пайда болуы, дамуы және болашағы, оның мән-маңызы, нысандары туралы жинақталған қорытындылар, зерттеулер Қазақстан келешегі үшін маңызды.

Жұмыс мемлекет нысаны ретiндегi саяси режим туралы, яғни аталған теорияның (ұғымның) мемлекеттанудағы мазмұндамалық сипатын анықтауға арналған. Саяси режим ұғымын жан—жақты зерттеу мақсатында оны жеке тарауда қарауды мақсат еттік. Саяси режим туралы ұғым маңызды сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан қарағанда мұның маңызды екеніне сөз жоқ. Канттың өзі де дер кезінде нысанды мемлекеттіліктің материясын тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі бастамалық негіз ретінде қарастырған. Мемлекеттік-құқықтық жаратылыстан туындайтын мемлекет нысандарының қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске асырудағы шектей алатындығы белгілі.

Мемлекет нысанын зерттеу теорияның өзін әліппеден бастаудың магистралдық бағытына тең болатын және қазіргі уақытта мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымы ұсынылады. Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда ең жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе „оның ең жоғарғы және орталық органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, бұл халықтардың оларды қалыптастырудағы қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. Басқару нысаны мемлекет нысанының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі жетекші элемент болып саналады.

Алғашқы рет мемлекет түрлерін жіктеуді Аристотель жасады. Ол Геродот пен Платонды үлгі ете отырып мемлекетті монархияға (бір адамның үстемдігі), аристрократияға (элитаның үстемдігі) және политеимге (тіке демократия мағынасында халықтық үстемдігі) бөлді. Ағарту (қайта өрлеу) заманынан бастап мемлекетті үш түрге бөліп алып, оны монархия және республика деп екі түрге ажырататын болды. Мемлекеттің типі оның мәніне, басқару нысанына, шешетін індеттеріне сәйкес болып отырады. Сонымен қатар мемлекеттің өтпелі типі (түрі, нысаны) де болады. Осындай жағдайды Қазақстан басынан кешіп өтті; қазіргі уақытта Ата Заңымыз бойынша Қазақстан - демократиялық, біртұтас, тәуелсіз, зайырлы мемлекет деп жариялап, басқарудың президенттік-парламенттік түрін таңдап алды. Қазақстан тәуелсіз, құқықтық, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, басқару нысанын іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымыздың басқару нысаны туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруландырудың маңызы зор деп санаймын.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңдағы мемлекет және құқық теориясында “Саяси режим” түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси, құқықтық құбылыстарды, байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды, билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси режим қоғамның құқықтық, саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.

Осы дипломдық жұмыста саяси режим демократиялық бағытта дамытудағы теориялық-методологиялық және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастыру, сонымен қатар басқа да зерттеулерді пайдалана отырып, саяси режим ұғымын толықтай ашу мақсаты қойылған.

Дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты: саяси тәртiп туралы ұғымды анықтап, мазмұнын ашу. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындауға (шешуге) ұмтылдық:

- негізгі мәселеде түсінікті болу үшін саяси режим (саяси тәртiп) туралы ұғымға тоқталу;

- негізгі мәселе бойынша, мемлекеттің басқару, құрылыс және саяси тәртіпк нысандары түсінігі, түрлері туралы мәселелерді қарастыру;

- саяси режимнің түрлерін анықтау;

Тақырыптың әдістемелік мазмұны өте зор (маңызды), оған дәлел мемлекет туралы ұғымға ерте кездегі ойшылдардан бастап, мысалы Аристотель, Платон, Цицерон сияқты ойшылдар, одан кейінгі дәуірде Кант, Макиавелли, Гегель ілімдерінде, жалпы алғанда бүкіл құқықтық — саяси ілімдер — тарихында маңызды мәселелердің бірі болып, мемлекет нысанына көп көңіл бөлінген. Өйткені, мемлекет нысаны ұғымын пайымдағанда Қазақстандағы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түсініледі.

Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Отандық және шетелдік құқықтық және саяси әдебиетерде саяси режим түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр. Олардың қатарына саяси режимді Қазақстанда зерттеген заңгерлер С.Н. Сәбікенов, С.Зиманов, Сапарғалиев, А.С. Ибраева, С. Табанов, Г.Сапаргалиев, Баймаханов М.Т., Д.А.Булгакова. Ал шет елдік ғалым заңгерлер А.В.Малько, М.Н.Марченко, Б.А. Страшун, С.С.Алексеев, В.Н.Хропанюк және саясаткерлер американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясатанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матреевтың және басқалардың теорияларын жатқызуға болады.

Дипломдық жұмысты орындау кезде библиографиялық ізденістер жасау, кітаптар каталогымен танысу, ғылыми - зерттеу жұмыстарының әдістерімен танысу және мемлекет тұрпаты мен мемлекеттің басқару тұрпаты жөніндегі ғалымдардың пікір көзқарастарымен жете танысып - білу арқылы жайларды теориялық жағынан алып көрсетуге талпыныс жасадық.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тарау, қорытындыдан, сілтемеден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.