МАЗМҰНЫ

КlРlСПЕ……………………………………………………………………………...4


1 НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛl ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ ӨНДlРlП АЛУДЫҢ ҚАЖЕТТlЛlГl

1.1.Салықтық заңбұзушылықтар түсінігі мен түрлері ……………………………7
1.2 Салық мiндеттемесi және оны орындау мерзiмдерi………………………….16
1.3. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындамағандығы үшiн қолданыдатын салықтық санкциялар……………………………………………..28


2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЗlРГl ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ БЕРЕШЕКТЕРДІ  ҚАРЫЗДАРДЫ МӘЖБҮРЛl ТҮРДЕ ӨНДlРlП АЛУ ТӘЖlРИБЕСlН ТАЛДАУ
 
2.1 Мемлекеттiң салық саясаты және оның жүзеге асырылу нәтижелерi бойынша берешек ………………………………………………………………….34
2.2 Салықтық заң бұзушылықтарына қарсы  шараларының жүзеге асырылуы……………………………………………………………………………47
2.3. Салық берешегiн өндiрiп алу жөнiндегi атқарылған жұмыстар.
 (Оңтүстiк Қазақстан облысының  мысалында) ……………………………….58

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА САЛЫҚТЫҚ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУ  БАҒЫТТАРЫ

3.1. Салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілікті арттырудың  әдістерін жетілдіру……………………………………………………………………………63.
3.2 Салық төлеушiнi банкрот деп тану арқылы салық берешегiн өндiрiп алу…65
3.3. Салықтық бақылауды жетілдіру бағыттары ………………………………...69

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………73

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl……………………………………..75

ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………….77






КIРIСПЕ

Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiк кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк-кепiлдiк қызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық мөлшерiмен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраным көлемi реттеледi. Салық саясаты, аса нәзiк және күрделi аспап, ол жеңiлдiктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтiң барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етедi. Нарықты экономикасы дамыған елдерде салықтардың тiзiмi бiрнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңiлдiктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсiнiктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк жүйе жағдайындағы экономикада салық адам мүддесi үшiн қызмет көрсетедi. Ал нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседi.Соданда болар Америкада iскер адамның екi туған күні бар деп есептеседi: бiрiншiсi - өзiнiң туған күні және екiншiсi – оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.
Салықтар мемлекетік бюджетінің негізгі табыс көзі болып табылады және мемлекеттің өмір сүру қажеттілігі. Мемлекет өзінің қызметтерін атқыру үшін белгілі салық жүйесін қалыптастырады, сонымен бірге әр бәр салық түрә бойынша салық объектісі, субъектісі, ставкалары, төлеу және есептеу тәртіптері, жауапкершілік көлемі анықталады, салықтық органдарының құрылымы – қуатты білікпен қамтамасыз етілген мемелекеттік органдарының жиынтығы- белгіленеді. Салықтық органдарының басты мақсаты- салықтық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке уақытылы және толық көлемде т.суін қамтамасыз ету.
Салықтық міндеттемелерінің орындалуын бақылау шараларының ішінде салықтық бұзушылықтарға жауапкершілікке тарту мәселелріне үлкен рөл беріледі. Бұл жауапкершілік өте көп қырлы сипатта болады: қаржылық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық. Әр бір сипат түріне қарай салықтық бұзушылықтардың түрі анықталады.
Кейбір кезде (салықтық заңңамалар тұрақсыз болғандықтан) салықтық бұзышыдықтардың мазмұны, себептері, әдістері, нысандары өте құрделі және анықтауға қиындыққа соғады. Бұл жағдайда заңдық жазалау шараларын қолдану қиындыққа ұшрайды, яғни нақты қінәлі тұлғаларды жазау орнына мүлдем кінәлі емес тұлғалар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда бұл іс- әрекеттердің себептері салық төлеушілерінің өз құқытарынан толық хабарсыздығымен байланысты болады немесе салыө органдарының қызметкерлернің біліктілік деңшейі төмен болуына байланысты болады.
Кез келген заң бұзушылық нәтижесінде заңмен бекітілген міндеттемелерді толық орындамауы немесе толық орындамауы жатады.
Салықытық заң бұзушылықтар тек салықтан жалтарумен байланысты емес, сонымен бірге басқа да салықтық міндеттемелерді бұщумен байланысты болады.
Салық – мемлекет бекіткен, бір жақты алынатын, құқықытық орамадағы, салық төлеушілерінің белгілі уақытта және мөлшерде төленетін эквивалентсіз, тұрақты міндетті төлем. Оның міндеттеу сипаты мемлекеттік органдарының мәжбүрлеп алу құқығымен түсіндіріледі.
Салық- бұл құрделі, бірнеше элементтерінен құрастырылған жиынтық.
Қазақстан Республикасында салықтарды еңгізу Парламент құзырында, ол заң немесе Конституциямен қарастырылған жағдайларда заң күші бар жарлық түрінде қабылдауы мүмкін.
ҚР Конституцияның талаптарына сәйкес салық төлеу міндеті тек заңды салықтарға тиісті болады. заңсыз алынатын салықтар үшін төлеугі жауап беруге міндетті емес.
Салық салу мәселелері мемлекет үшін ең маңызды болып табылады, себебі олар мемлекетті ақшалай қорлармен қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет салықтық құрылымды тиімді жұмыс істеуіне әр қашанда ұмтылады, яғни салықтық қатынастарының барлық субъектілерінің үлесімді жұмыс істеуін қамтамсыз етуге тырысады. Бұған жету ішін ең алдымен салық төлеушілерге тиісті шаралар атқарылады. Кез келген төлеуші салықты төлеуду өзі қаламайды, оны мәжбүрлеу қажет болады.
Мемлекет салықтық түсімдерді толық жинауды қамтамасыз ету үшін мәжбүолеу шараларын атқаратын өте қуатты механизмді құрады, яғни:
1) салық салудың сондай үлгісін құрады, нәтижесінде салық төлеуші салықтан жалтару қиындыққа соғады немес мүлдем мүмкін емес болады. Бұл іс - әрекеттер өз нәтижесінде бар жақты қарастырылған ғыдыми негізделген құқықытық орманы талап етеді, яғни заңда салықтан жалтаруға мүлдем мүмкін болмайтын заңдар қабылдануы тиіс;
2) мемлекеттің кең өкілеттілігімен  қамтамасыз етілген және мәжбүрлеу шараларын атқаруға құқылы құатты бақылау аппараты;
3) салықтық әкімшілендіру шараларын заң түрінде бекіту.

Бұл іс әрекеттер ең алдымен салық төлеушіге қарай қолданады, оның салықтық түсімдерінің уақытылығынан, толықтығынан жалпы мемлекеттің өмір сүруі қамтамсыз етіледі.
Сонымен бірге мемлекет заң бұзылыщыдыққа тек салық төлеушіні емес, сонымен бірге салық органдарының қызметкерлерін де тартады.
Осы тақырыпқа дипломдыө жұмысты орында отырып келесі мақсаттарыд белгіледік:
 салықтардың теориялық мазмұнын толық зерттеу;
 салық салудың заңдық базасын қарастыру;
 салықтық заң бұзушылықтардың басты себептерін анықтау;
 салықтық заңбұзушылықтардың түрлерін анықтау;
 қазіргі кездегі салықтық заңңамаларының орындалуын талдау,
 салықтық міндеттемелерін дұрыс орындалуын қамтамасыз ету үшін ұсыныстарды беру;
 Дипломдық жұмыс бекітілген талаптарға сәйкес кіріспе, үш бөлім , қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрастырылған.