Кіріспе...............................................................................2

I. Сайлау құқығының сипаттамасы

1.1 Сайлау құқығының принциптері................................3

1.2 Сайлау алдындағы үгіт ..............................................8

1.3 Сайлау процесі кезіндегі жарнама жасау тәсілі және оның саяси имиджді қалыптастырудағы рөлі.................12

1.4 Саяси жарнама............................................................14

1.5 Саяси күрес..................................................................16

II. Дауыс беруді ұйымдастыру

2.1 Сайлауды жүргізу тәртібі...........................................22

2.2 Дауыс беру қорытындыларын анықтау....................24

Қорытынды......................................................................28

Пайдаланған әдебиет тізімі.............................................29

 

Кіріспе

Мемлекеттің саяси жүйксіндегі маңызды буыны –сайлау. Оның сипаты өкіметтің сайланбалы органдары құрамына әсер етері сөзсіз.

Сайлау жүйесі дегеніміз өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

Қазақстан республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның қоғамдық – саяси жағдайындағы саяси институттар құрылымдарының өркениетті ақпараттық технологияларды қолдануы мен жүзеге асыруы: саяси маркетинг және саяси коммуникация құралдары мен саяси жарнама тәсілдерін меңгеруі позитивті имиджді қалыптастырушы саяси кандидат пен партия үшін маңызды құрал болып табылады.

Сайлау процесі кезіндегі саяси жарнама қызметі – күрделі саяси бағдарламаларды қарапайым баламалар арқылы оңайтылып жеткізетін тәсіл. Осы қолайлылықты туғызу арқылы ол саяси күрес тиімді құралға айналады. Саяси жарнаманың түсінікті және нақты ойды дәл жеткізе алуы оның өзінің аудиториясының ерекшелігін және осы қоғамдағы әртүрлі саяси күштердің, қоғамның саяси мәдениетінің шынайы бейнесін үйреніп қана қоймай, елдің тұтас мәдени болмысын зерттейтіндігіне.