МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАДАҒАЛАУЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ШЕГІ

1.1Қазақстан Республикасының құқығындағы прокурор функциясының негізгі бағыттары

1.2 Прокурордың іс жүргізудегі құзыреті

1.2 Прокурордың іс жүргізудегі функциясы

1.3 Прокурордың кылмыстык істерді қосымша тергеу үшін қайтаруының процессуальдык негіздемелері

II. ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ПРОКУРОРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

2.1 Қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері

2.2 Прокурордың алдын-ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі

2.3 Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру

2.4 Сот процесіндегі прокурордың сөз шеберлігі

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ПРОКУРОР ҚҰЗЫРЕТІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Кіріспе

Тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағынан заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарынның және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі беркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы және заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Құқықтық мемлекетті құру, прокурорлық қадағалау әрекеттерін және дәрежесін жоғарлатуды, прокуратура дербестігін күшейтуді, оның қызметіне қандай да бір араласудың болмауын, олардың алдына қойылған тапсырмаларды табысты орындау үшін жеткілікті кепілді жасауды талап етеді.

Шын мәнінде, прокуратура тапсырмаларды шешуде ерекшелік күшіне сай, билікті бөлудің таптық сызбасына кірмейді, яғни заң шығару, орындаушылық міндеттерді және соттық билікті жүзеге асырмайды. Республикада прокуратура жын мәнінде сот саласында және мемлекеттік басқару саласында заң бұзушылыққа қарсы тұрады. Дамушы конституциялық билікті бөлу қағидаларын әрбір билік тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, билік өкілеттілігін шынайы мазмұнмен толықтыруды қарастырған.

Осыған сәйкес кейбір тұлғалар шеңбері жағынан әртүрлі негіздерді және себептерді келтіріп, прокуратура міндеттеріне мемлекеттік саясат саласында заңдылықты қамтамассыз ету тән емес-деп прокуратураның өкілеттілік көлемін тарылтуға әрекеттер жасады.

Қадағалау өндірісі орындаушы, сот органдарына және заң шығарушы билікке тән болмауы қажет. Осы жоспарда оларға бақылау қызметі тән, ал қадағалау міндетіне өзінше өкілеттілік берілген-қандайда бір шешім қабылдаумен байланысты емес, бірде- бір билік тармағына бағынышты емес прокуратура органына жүктелінуі қажет.

Заң шығарушы органның тапсырмаларын тарылту шеңберінде, мемлекет көлемінде заңдардың орындалуын қадағалау міндетін арнайы органға беру, яғни прокуратураға мемлекет атынан Жоғарғы қадағалауды жүзеге асыру жайлы сұрақ шешіліп, тапсырылды.

Шын мәнінде бүгінгі күнде прокуратура, мемлекеттің Ел Басына ортақтандырылған заң қолдану тәжірибесін, шұғыл түрде заңды тұлғалардың, азаматтардың, сот инстанцияларының заң бұзушылық жайлы арыздануын күтпей-ақ, прокурорлық елеумен алдын алу шараларын орындауға мүмкіндік беретін орган болып отыр.

Демократиялық және республикада өзекті реформалар шарттарында, қоғам өмірінің барлық жағын құқықтық жаңартуды реттеуде, Конституцияның жоғарлылығын қамтамассыз етуге бағытталған және Қазақстан Республикасындағы заңдардың бірлігіне және заңдылықты нығайтуда прокуратура органдарының жұмыстары маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында, прокурорлық қызметтің ғұрыптық бағыттарынан басқа, бұрын Конституциялық Соттың құзіретіндегі заңдардың және басқа да құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалау жаңа тапсырма ретінде прокуратура органына жүктелінді. Сондай- ақ Бас прокурорға заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық келтіру құқығы берілді.

Құкыктық мемлекет кұруға бағыт алған Қазакстан Республикасындагы құқыктық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының бірі - заңдылықты сактауға ерекше мән беріледі.

Осыған байланысты, әсіресе қылмыстық сот ісі жүргізу саласында еліміздегі заңдардың орындалуын әмбебаптық қадағалау органдарының бірегей орталыктандырылған жүйесі ретіндегі прокуратуралардың құзырын нығайту қажет.

Қазакстан Республикасының Қылмыстык іс жүргізу кодексі қылмыстык процестің міндеттерін қылмысты тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп белгілеген болатын (ҚР ҚІЖК 8-бабының 1-бөлігі).

Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының ездерінің іс жүзіндегі қызметін аткару кезінде заңдылықты тікелей камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмаумен кол жеткізіледі.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты камтамсыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады.

Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және біркелкі ғана емес, бұлжытпай орындауға, кімнің тарапынан болса да кез келген заң бұзушылықты жоюға дер кезінде шара колдануға, сондай-ақ азаматтарды заңды қастерлеу рухында тәрбиелеуге шақырылады.

Мемлекеттік құрылымдар, бұқаралык ақпарат кұралдары, заңгерлік коғамдастықтар мен азаматтар тарапынан заңдылық жағдайына баса назар аударылуы осы саладағы құқықтық, нигилизмнің етек алуына, жүртшылықтын құқыктық сана-сезімі деңгейінің төмендігіне, заңдылықтардағы кейбір карама-қайшылыктарға және кұқық колдану саласындағы толып жаткан құкық бұзушылық фактілеріне байланысты.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы «бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құкықтық мемлекет құру..» және «..болашақ ұрпақтың алдында қазіргі біздің ұрпақтардың орасан зор жауапкершіліктері жатыр: олар өздерінің балалары үшін алаңдамай, көшелерде еркін жүріп және өздерінің мүліктері үшін алаңсыз бола алар ма екен» деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектеп міндеттердің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 48-бабында прокурор - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарын, өзге де нормативтік-кұқықтық актілердің дәл және бір-қалыпты қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің зандылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінін өкілі болуды, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам, деп анықтама берілген.

Осыған байланысты, заңдылыққа жоғары қадағалау жүргізетін ізге түсу органы бола отырып, прокурор өзінің өқлеттігін орындау кезінде ешкімге де тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады.

Сондыктан да қылмысты тергеу кезіндегі анықтау мен алдын ала тергеу органдарының заңдарды орындауына прокурорлық қадағалау жүргізу мәселелерін зерттеу өзінің актуальдылығын ешқашанда жоғалтпайды.

Керісінше, заңдылыктардағы, қылмыстылық жағдайы мен динамикасындағы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі, құқық қорғау органдарындағы кадрлық және құрылымдык елеулі өзгерістер қылмыстық іс жүргізетін органдар жүйесіндегі прокуратураның рөлі мен алатын орны, олардың қадағалау қызметін жүргізудегі функциясы, өкілеттігі мен әдістерін қарастырады.

Бұл жұмыстың құрамдық бөлігі- адамдардың және азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерін, құқықтарын, бостандығын сақтауға прокурорлық қадағалау жасау.

Оның тиімділігі кең дәрежеде, жеке алғанда прокуратура қызметкерлерінің құзіреті, республикада болып жатқан өзгерістердің маңыздылығын түсінуі және прокуратура жүйесінің негізгі орындаушылары- аудандық, қалалық прокурорлардың өздерінің тапсырмаларын қаншалықты табысты орындауымен, берілген өкілеттіліктерін дер кезінде толық қолдануымен, заң бұзушылықтарды табандылықпен жоюда және кінәлілерді жауаптылыққа тартумен тікелей байланысты.

Бүгінде заңдылық мемлекеттік құрылыстың құрамдық бөлігі, қоғамдағы әділдіктің кепілі, ал оны қамтамассыз ету, саясаттың жоғарғы дәрежесі. Осы саясаттың жетекшісінің бірі, Қазақстан Республикасында заңдардың қолданылуын Жоғарғы қадағалайтын, прокурорлық қадағалау болуы тиіс.

Прокуратура органдары өздеріне тиісті құқықтық құралдармен және әдістермен тар ведомствалық бюрократиялық кедергілерді жоюға, шаруашылықтың табысты қызметі үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге, заң қабылдаушылықты болдырмауға әр кезде ықпал жасауға міндетті.

Бұл шартта прокуратурадан Қазақстан Республикасының Президентінің 29 желтоқсан 1995 жылғы "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығымен ұсынылған барлық мүмкіндіктерді қолдануды талап етеді. Олар:

- лауазымды тұлғалардың өздерінің міндеттерін орындауда заңдылықты сақтау бойынша басты назарды белсенді қадағалауға жинақтау, ол кезде барлық прокурорлық өкілеттіліктері қолданылуы тиіс және заң бұзушылықты жою жайлы ұсыныстар қолдану, қажетті көмек беру, басқару органдарының ұйымдық жұмыстарына белсенді қатысуы;

- дер кезінде заң бұзушылықтың алдын алып және анықтап, міндетті түрде мемлекетке келген шығынды толықтыру;

- барлық мүдделі ведомствалармен келісілген әрекеттерді өңдеуде және жүзеге асыруда жалпы қадағалау және тергеу тәжірибесінің құжаттарын толық түрде қолдану;

- демократиялық және ашық жұмыс үйренуге, себебі, егерде бұрынғы бойынша басқару аппаратына барса, егер де прокуратура шаралары үлкен еңбек ұжымдарына сүйенбесе, жалпы бақылау жұмысы табыссыз болып қалады [1,].

Барлық прокурорлар жағдайды терең білуге, экономиканы оқуы, экономикалық реформаның құқықтық механизмін жақсы бағдарлауы қажет, әрбір ойланбаған, сауатсыз әрекет келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін. Көп жылдар бойына прокуратураны күш шараларын қолдану үшін пайдаланған, ол кездерде экономикалық, қаржылық, құқықтық және ұйымдастырушылық жіктер әрекет етілуі қажет еді, кей жағдайларда терең шаруашылық тапсырмаларды шешу үшін де (транспорттың бос тұруымен күрес, өнімдерді-энергетикалық ресурстарды мақсатсыз қолдану және т.б).

Заңдылықты қадағалаудың орнына прокуратура, бақылаушы, басқарушы және шаруашылық органдарын жинастырып, Кеңестер Одағының коммунистік партиясының Орталық Комитетінің қаулыларының, ведомствалық және басқа да актілердің орындалуын қадағалауды жүзеге асырды. Қорыта келгенде, өзінің жалпы қадағалау міндетін орындай отыра, ол партия және мемлекеттік аппараттың ерекше еріктеу органының рөлін ойнады.

Әкімшілік-басқару жүйесінің бұзылуы прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру, оларды жүзеге асыру нышандарын және әдістерін қайта қарау, қадағалау затын нақты анықтау үлкен өзгерістерге ұшыратты.

Сол себепті, тиянақты талданған қалыптасқан жағдай арқылы Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында, бүгінгі күндегі шарттарға сәйкес жалпы бақылау жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері қарастырылып, өңделді.

Бұл жұмыстың мақсаты мемлекеттік басқаруда, лауазымды адамдардың және мемлекеттік органдардың оларға жүктелген міндеттерін орындауда заңдылық жауаптылығын жоғарлатуда, прокуратура органдарының қадағалау қызметінің саласында және прокуратура органдарының жалпы қадағалау қызметінің саласында сондай-ақ, мемлекетті басқару қызметінің саласында азаматтардың заңды мүдделерін және құқық кепілдіктерін нығайтуда заңдылықты қамтамассыз ету бойынша прокуратура органдарының орны және ролін ашудан тұрады.

Бұл мәселенің босаңсымайтын актуальдылығы сонымен бірге, оның қылмыстық сот ісін жүргізу міңдеттерін орындаумен, азаматтардың құқыктары мен заңды мүдделерін қорғаумен түсіндіріледі, атап айтатын болсак, прокурор белгіленген заң талаптары бойынша істі қосымша тергеуге кайтару жөніндегі өкілеттігін жүзеге асыра отырып, тергеудің толыктығына, жан-жактылығына, объективтілігіне, сондай-ақ ізге түсу органдарының қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қатан сакталуына кепілдік береді.

Осы мәселеге Т. В. Аверьянова, Р. С. Белкин, В. П. Басков, В. И. Божьев. А Д. Бойков, С. В. Бородин, Л. А. Воскобитова, И. М. Гальперин, И. М. Гуткин, С. П. Ефимичев, Н. Г. Жогин, В. В. Зажицкий, В. К. Звирбуль, Л. Д. Калинкина, А. С. Каретников, Л. М. Корнеева, А. М. Ларин, В. 3. және басқа да процессуалист-ғалымдардың ғылыми-теориялық еңбектері арналды.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде А. Ф. Әубәкіров, А. Н. Акианов, С. К. Байбатыров, Ж. Н. Бәйішев, К. А. Бегалиев, P. М. Жамиева, А. А. Исаев, К. В. Ким, М. Ч. Коғамов, А. А. Касимов, М. С. Нәрікбаев, А. С. Нұрәлиева, М. С. Сапарғалиев, Б. А. Сембин, Б. X. Төлеубекова, К. X. Халиков, Р. Н. Юрченко сиякты және басқа да казакстандық ғылым өкілдерінің еңбектері зерттеліп, пайдаланылды.

Қылмыстық іс жүргізу құкықтық қатынастары саласындағы Қазақстан Республикасынын конституциялык және озге де заңдары, Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының нормативтік қаулылары зерттеліп және жүйелі түрде талданды.

Сонымен бірге айта кететін бір жай, жарияланған еңбектердің көбісі ресейлік заңдылыктарға негізделген, ал казақстандық авторлардың осы бағыттағы ғылыми ізденістік еңбектері концептуальдык аспектілерге немесе қылмыстык іс жүргізудің ескірген заңнамаларына, не болмаса қолданысқа ие бола алмаған дау туғызатын дәлелдемелерге непзделген.

Қазақстан Республикасы қылмыстык іс жүргізу кодексінің нормаларын колдануға негізделген сот және тергеу практикасының сұраныстары прокурордың қылмыстык істерді қосымша тергеуге қайтару саласындағы ғылыми біліктілік пен түсініктердің аздығынан деп болжанса керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты прокурордың атқаратын қызметі мен оның құзыретін қарастырады.